Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жеңісі

696

Түркиядағы Ислам ойындарында Қазақстан намысын 125 спортшы қорғап жатыр.

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жеңісі

Қазақстан спортшылары ірі халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетті, деп жазады inbusiness.kz ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ақпаратына сүйеніп.

Қазіргі уақытта құраманың велоспорт бойынша 5 алтын медалі бар.

Атап айтқанда Артем Захаров, Рината Сұлтанова, Әлішер Жұмақан, Дмитрий Носков күміс медаль иегерлері. Велоспортта Әлішер Жұмақан және Марина Кузьмина қола жүлдегерлері атанды.

Үстел теннисінен Денис Акоржев қола жүлде жеңіп алды, ал таеквондодан қола жүлдегерлері – Жансель Дениз, Бауыржан Хасенов, Жасурбек Клычев атанды.

Спорттық гимнастикадан Милад Карими, Дмитрий Патанин, Нариман Курбанов – қола медаль иегерлері. 

Еркін күрестен Рахат Қалжан, Алдан Асқаров және Мамед Ибрагимов үшінші орынға ілікті. Грек-рим күресінен Аманғали Бекболатов қола жүлдесінің иегері атанды.

Ал Михаил Литвин 400 метрге жүгіруден финалдық жарыста жеңіске жетті.

Жүзуден Қазақстан командасының өкілдері Аделаида Пчелинцева, Әділбек Мусин және София Абубакирова жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ әйелдер күресінен Елена Шалыгина алтын медаль алды.

Ауыр атлетикада Зульфия Чиншанло мен Арли Чонтей бірінші болса, Алексей Чуркин, Арай Нұрлыбекова мен Айша Омарова тұғырдың екінші сатысына көтерілді, ал Өтепберген Әлиев пен Асылжан Бектай қола жүлдеге ие болды.

Қазақстандық гимнасттар: Сағина Мұратқызы, Айсұлу Мырзағалиева, Рената Жолдинова, Аружан Қасенова, Айдана Шаяхметова және Әсел Шүкірбай үшінші орынды місе тұтты. Ал, гимнаст Елжан Таниева доп жаттығуларында бірінші болды.

Алдағы 16-24 тамыз аралығында Чханвон қаласында (Оңтүстік Корея) жұптық оқ атудан WSP Әлем Кубогы өтеді. Қазақстан құрама командасынан 3 спортшы қатысады.

18-26 тамыз аралығында Хошемин қаласында (Вьетнам) таеквондодан Азияның ашық чемпионаты өтеді. Қазақстан құрама командасынан 5 спортшы қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу