Қазақстан вирустың таралу көрсеткіші бойынша "Сары аймаққа" енді

1254

Еліміз вирустың таралу көрсеткіші бойынша "сары аймаққа" енді, деп хабарлайды Atameken Business.  

Қазақстан вирустың таралу көрсеткіші бойынша "Сары аймаққа" енді

Бұған дейін Қазақстан қауіпсіз жасыл аймақта болған еді. Енді қауіптілік деңгейіне байланысты елімізде карантин талаптары бекітіледі.  Өңірлер бойынша нақтыласақ, Атырау облысы вирустың таралу көрсеткіші бойынша, қызыл аймақта. Ал, сары аймаққа Нұр-Сұлтан,Алматы қаласы және Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан мен Павлодар облыстары енген. Өзгесі жасыл аймақта орналасқан. 

Ал, бұл уақытта коронавирус жұқтырған қазақстандықтардың саны 150 мыңнан асты. Өткен тәуліктің өзінде инфекция 736 отандасымызда расталған. Бұл жолы антирейтингті Алматы бастады. Онда 95 науқас анықталған. Ал 93 жағдай тіркелген Павлодар облысында індет тағы өрши бастаған сыңайлы. Елордада, керісінше, төмендеу байқалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу