Қазақстан және Қытай қалалары бауырластық туралы келісім жасасты

765

Оның қатарында ШҚО, СҚО және Шымкент қаласы бар  

Қазақстан және Қытай қалалары бауырластық туралы келісім жасасты Фото: akorda.kz

Қазақстанның үш өңірі Қытай қалаларымен өзара бауырластық келісіміне қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен Тяньцзинь қаласының Халық Үкіметі Қазақстанда "Лу Бань шеберханасын" құру туралы келісім жасасты.

Ал Шымкент қаласы мен Сиань бауырластық байланыс орнату жөнінде уағдаласты.

Бауырластық байланыстар орнату туралы келісімге сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы мен Шэньси провинциясы да қол қойды.

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары аясында 23 құжатқа қол қойды. Оның ішінде өзара визасыз режим келісімі де бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу