Қазақстанда 1,7 мыңға жуық 4G және 5G базалық стансасы салынады

Аталған жұмыстар мобильді байланыс желісінің қамту аясын кеңейтуге, интернет сапасын арттыруға және телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.

Қазақстанда 1,7 мыңға жуық 4G және 5G базалық стансасы салынады Фото: ЖИ

Бұл туралы Үкімет отырысында Kcell компаниясының басқарма төрағасы Асқар Жамбакин мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Соңғы 2 жылда оператор 1,3 мыңнан астам 5G базалық стансасын және 2,7 мыңнан астам 4G стансасын салған. Биыл байланыспен қамтамасыз ету міндеттемелері аясында қамтылуы тиіс 611 ауылдық елді мекеннің 566-сы 4G желісіне қосылды. Қалған 45 ауылды жыл соңына дейін қосу жоспарлануда. 

– 2027 жылы тағы 1 060 4G мен 628 5G стансасын салуды жоспарлап отырмыз. Бұл мақсатқа 45 млрд теңге инвестиция бағытталады, – деді Асқар Жамбакин.

Сондай-ақ, Астана – Көкшетау және Астана – Қарағанды бағыттары байланыспен толық қамтылды. Астана – Павлодар және Шымкент – Түркістан бағыттарындағы жұмыстарды аяқтау үшін 1 қаңтарға дейін тағы үш базалық стансаны іске қосу жоспарланып отыр.

Бұған дейін Қазақстан БҰҰ рейтингінде ең жоғары санатқа енгенін жаздық. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу