Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев үш ауысымды мектептер мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Бүгінгі таңда 106 үш ауысымды мектеп бар. Биылдың өзінде 92 мектептің мәселесін шешуді жоспарлап отырмыз. 1290 мектеп деп отырғанымыз, бұл заманауи күрделі жөндеуді және тисті пәндік кабинеттермен жабдықтауды қажет ететін мектептердің бүгінгі санын анықтап отырмыз. Қарапайым тілмен айтқанда, елімізде қалған 1000-нан аса мектептің барлығын заманауи үлгілерге жеткізу мәселесін шешіп отырмыз. Осы мәселені 2025-2026 жылдары аяқтауды көздеп отырмыз", - деді министр.
Айта кету керек, осыған дейін республикадағы 1290 мектеп күрделі жөндеуді қажет ететінін жазған болатынбыз.