Қазақстанда 15 мыңға жуық тәрбиеші тапшы

660

Оған мамандарға төленетін жалақының аздығы себеп болып отыр.  

Қазақстанда 15 мыңға жуық тәрбиеші тапшы Фото: ortcom.kz

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Ерте жастағы балаларды дамыту институтының директоры Манара Адамова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Бүгінгі таңда елде 15 мыңдай тәрбиеші жетіспейді. Әрине, жасыратыны жоқ, оның бірінші себебі жалақының аздығы екенін айту керек. Жалақы аз болғаннан кейін жас мамандар тарапынан қызығушылықтың болмауы да бар. Мектепалды даярлық сыныбында тәрбиеші болып жұмыс істейтіндердің біраз тәжірибе жинағаннан кейін әрі қарай мектепке ауысып кететіндері бар. Барлығы жалақының аздығына келіп тіреледі. Осы бағытта жұмыстар жасалынып жатыр", - деді спикер тілшінің сауалына берген жауабында.

Манара Адамованың айтуынша, тәрбиешілердің жетіспеушілігі барлық өңірде байқалып отыр.

"Бұл барлық өңірде кездесетін жайт. Балабақша қай өңірлерде көп болса, сонда қажеттілік туындап отыр. Әсіресе, Түркістан облысында, Астана қаласында, Алматы облысында байқалып отыр", - деді Ерте жастағы балаларды дамыту институтының директоры Манара Адамова.

Айта кету керек, осыған дейін республика бойынша балабақшаға баруы тиіс 250 мыңнан астам бала кезекте тұрғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу