Қазақстанда 35 млн тонна мал азығы дайындалды

102

2025–2026 жылдардағы қысқы маусымға дайындық аясында ауыл шаруашылығы жануарларына арналған мал азығын дайындау жұмыстары белсенді жалғасуда.

Қазақстанда 35 млн тонна мал азығы дайындалды Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, 24,7 млн тонна шөп (жоспардың 100,9%-ы), 1,8 млн тонна пішендеме (108,6%), 2,7 млн тонна құрамажем (48,9%), 1,8 млн тонна сабан (88,0%), 3,7 млн тонна сүрлем (79,6%) дайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Белсенді жұмыс Солтүстік Қазақстан облысында (125, 2%), Абай, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында және Шымкент қаласында (100%), сондай-ақ Жетісу облысында (104,5%) жоспар орындалғаны байқалады.

Дайындалған мал азығының көрсетілген көлемдері жануарларды толыққанды азықтандыруға, жоспарлы өнім мен төл алуға, сондай-ақ мал басының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жалпы республикадағы мал азығымен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу