Қазақстанда 986 оқушы коронавирус жұқтырған

618

Қазақстанда 986 оқушы коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.  

Қазақстанда 986 оқушы коронавирус жұқтырған

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мәселелері жөнінде кеңесте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай мен қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Министрдің айтуынша, 1 қыркүйектен 16 қарашаға дейін Қазақстанда 986 оқушы КВИ жұқтырған, кезекші сыныптарда оқитын балалар арасында 288 жағдай тіркелген. Байланыста болған 3 122 адам анықталды, олардың 33-і індет жұқтырған.

"Онлайн оқитын оқушылар арасындағы сырқат деңгейі жоғары – 698 бала. Оқу жылының басында қалыпты режимде оқуға шектеу қойылды, соның арқасында 6 мыңнан астам баланың індет жұқтырған оқушылармен байланысын және 600-ге жуық коронавирус инфекциясы жағдайының алдын алдық", – деді А.Цой.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу