Қазақстанда соңғы аптада алтын бағасы 11,5 пайызға қымбаттады. Бұл туралы Бірінші кредиттік бюро мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Бүгінгі таңда бір грамм алтынның ресми құны 29 347,83 теңгені құрайды. Соңғы екі аптада (13 наурыздан бастап) алтынның құны үш мың теңгеге немесе 11,5%-ға өсті. Бұл - айтарлықтай жоғары көрсеткіш. Себебі, бағалы металл соңғы рет бір жыл бұрын 2022 жылдың 29 наурызында қымбаттаған еді.
"Америкалық банктердің проблемалары нарықтың құлдырауына әкелді. Ал алтын дәстүрлі түрде қорғаныш активі ретінде рөл ойнады: инвесторлар қауіпті сәтті қымбат металл арқылы айналып өткенді жөн көрді. Ал сұраныстың өсуімен бірге баға да көтеріледі", – дейді мамандар.