Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Қазақстанның америкалық Amazon компаниясымен олардың интернетін пайдалану туралы келісімге қол қоятынын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Министр Жаслан Мәдиев, Азия-Тынық мұхиты елдерінің цифрлық инклюзия және трансформация жөніндегі министрлер конференциясында, Қазақстан осыған байланысты бірқатар келісімдерге қол қоятынын айтты.
“Маңыздылардың бірі – Amazon Kuiper. Осы бағытта бәсекелестікті дамыта отырып, біз азаматтарға қолжетімді бағада жақсырақ қызмет ала аламыз деп ойлаймын”, – деді министр.