"Қазақстанда әзірленген стандартты үлгілерді кейбір ел сынақ жүргізбей-ақ таниды"

1270

Сенат депутаттары "Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерін жасау және қолдану жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды қабылдады. 

"Қазақстанда әзірленген стандартты үлгілерді кейбір ел сынақ жүргізбей-ақ таниды"

Заң Мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді.

Премьер-Министрдің орынбасары, Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, бұл келісім қатысушы елдерде сынақтар бойынша қосымша рәсімдер жүргізбестен Қазақстанда әзірленген стандартты үлгілерді тануға мүмкіндік береді.

"Мысалы, Қазақстан стандартты үлгі шығарады. Сынақтар өткізеді және түрін бекітеді. Ал келісімге қатысушы қалған елдер техникалық құжаттаманы сараптау нәтижелерін қосымша сынақтар жүргізбестен таниды", – деп түсіндірді Сұлтанов.

Министр мемлекетаралық мәртебесі бар осы келісімді ратификациялау метрология саласындағы өлшеу нәтижелеріне деген сенімді арттырып, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететініне сенімді.

Ұлттық тізілімде 634 стандартты үлгі тіркелген. Оның ішінде 337 стандартты үлгі мемлекетаралық стандартты үлгілер тізіліміне енгізілді.

"Былтыр біздің стандарттау және метрология институты мемлекетаралық стандартты үлгілер тізіліміне енгізілген 163 стандартты үлгі әзірлегенін атап өткім келеді", – деп толықтырды Сұлтанов.

Бұған дейін Мәжіліс отырысында стандартты үлгілерді өндіру бойынша Қазақстанда барлығы 16 ұйым, оның ішінде "Қазстандарт", "ВНИИЦветмет", "Ұлттық ядролық орталық", "Центргеоаналит", "Үлбі металлургия зауыты" сияқты кәсіпорындар бар екені хабарланған болатын.

Осы Келісімге қатысушы елдерге ЕАЭО мемлекеттері, Украина, Әзірбайжан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан жатады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу