Қазақстанда азық-түлік бағасы күрт өсті

1482

Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыровтың пікірінше, үкімет азық-түлік бағасын тұрақтандыруда қауқарсыздық танытып, халықтың мүддесін қорғай алмай отыр.

Қазақстанда азық-түлік бағасы күрт өсті

Желтоқсан айында жеміс бағасы күрт өсіп кетті, деп хабарлады Energyprom.kz. 

Мәселен, бір айдың ішінде қызанақ 23,1%-ға, қияр 20,1%-ға қымбаттады. Сонымен қатар сарымсақ бағасы 6,6%-ға, қызылша 1,9%-ға жоғарылаған. Ал сәбіз, картоп, пияз бен орамжапырақ керісінше 1–2%-ға арзандаған. 

Жидектердің ішінде апельсин (3,5%), банан (2,3%) мен алма (1,8%) қымбаттады. Сонымен қатар, дәнді-дақылдардың да бағасы жоғарылап келеді. Мәселен, қарақұмық құны 13%-ға көтерілді. 

Бұдан бөлек бірінші сұрыпты ұн 6%-ға, жоғары сұрыпты ұнның бағасы 3,9%-ға өсті. Сәйкесінше нан өнімдерінің де құны артты. 

Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыровтың пікірінше, үкімет азық-түлік бағасын тұрақтандыруда қауқарсыздық танытып, халықтың мүддесін қорғай алмай отыр. Сондықтан ол үкімет азық-түлік инфляциясының алдын алу үшін Ұлттық жоспар жасауға тиіс деп есептейді. 

Мемлекеттік органдар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер жемді қаншаға алатына көңіл бөлмейді. Осылайша ауылда пішеннің тоннасы 25-30 мың теңге тұрады. Ал астық қоры экспортқа шығарылатын тауарлық астыққа қарағанда (бір тонна астық қалдығына) 70 мың теңгеге қымбатырақ сатылады. Мұның барлығы диқандар мен жайылымдық жерлер ірі астық компаниялардың иелігінде болғанның нәтижесі. Әкімдіктер үлкен фермалар мен құс фабрикаларымен жұмыс істейді. Олар азық-түлік өнімдердің басым бөлігін қосалқы шаруашылықтар өндіретінін ұмытып кетеді",– деді Айқын Қоңыров. 

Бұл тұста желтоқсан айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің ішінде жұмыртқа 6%-ға, сүт 3%-ға,  сары май 2,5%-ға, қаймақ  1,3%-ға қымбаттады. Ал жылқы етінің бағасы қараша айымен салыстырғанда 1,5%-ға, сиыр бауыры 1,2%-ға жоғарылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу