Қазақстанда Банк омбудсманының екінші "тынысы" ашылды

Банк омбудсманы институты елімізде 2011 жылы құрылған еді.  

Қазақстанда Банк омбудсманының екінші "тынысы" ашылды Фото: fingramota.kz

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Дархан Нұрпейісов арнайы баяндама жасап, атқаратын қызметіне тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Негізінен, 2024 жылғы 21 желтоқсанға дейін Банк омбудсманының өкілеттігі тек ипотекалық қарыздар, яғни кепілмен қамтамасыз етілген банктік қарыздар бойынша келіспеушіліктерді шешумен шектеліп келді.

Сондай-ақ, жылжымайтын мүлік бағасының айтарлықтай төмендеуі, осыған байланысты оны сату кезінде қарыз алушылар банктермен толық есеп айырыса алмады.

Дәл осы кезеңде, 2011 жылы Банк омбудсманы институты құрылды. 

Еліміздің банк омбудсманы Дархан Нұрпейісов өзінің негізгі міндеті қарыз алушы жеке тұлғалар мен банктер, коллекторлық ұйымдар арасындағы келіспеушіліктерді сотқа дейінгі тәртіппен реттеу екенін атап өтті. 

– Банк омбудсманы банк заңнамасын және банк қызметтерін дамыту жөнінде ұсыныстар қалыптастырады. Осылайша, Банк омбудсманы банк қызметтерінің ашықтығын және кредиттік мекемелерге деген сенімін арттыруға ықпал етеді. Банк омбудсманы өз жұмысында мына қағидаттарды ұстанады: Заңдылық жане тең құқылық, әділдік жане бейтараптық, банктік құпияны сақтау. Соңғы жылдары реттеушілік шараларды енгізудің және ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың арқасында ипотекалық несие алумен байланысты проблемалардың саны азайды. Бұл статистикаға да әсер етті: ипотекалық қарыздар бойынша шағымдардың үлесі арыздардың жалпы санының 30%-нан аспады, жалпы шағымдардың негізгі бөлігі тұтынушылық несиелерге қатысты болды, – деді ол. 

Банк омбудсманының бастамасымен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Банк омбудсманының банктік қарыз шарттарының барлық түрінен туындайтын келіспеушіліктерді реттеуге құзыретін кеңейтетін заң жобасын дайындады. Бұл – ипотекалық, тұтынушылық, автокредиттеу шарттары.

Бұл бастамаға Парламент депутаттары, банктер және Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы қолдау көрсетіп, 2024 жылдын 19 маусымында Мемлекет басшысы 2024 жылғы 21 желтоқсаннан бастап Банк омбудсманының құзыретін кеңейтетін заңға қол қойған еді. 

Қазақстандағы Банк омбудсманы институты азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда маңызды рөл атқарады, адамдардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын, сонымен қатар банк жүйесіне деген сенімді арттыруға ықпал етеді.

Бұған дейін несиесін төлей алмағандарға банк омбудсманының қалай көмектесетінін жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу