Қазақстанда бензин мен дизель бағасын реттеу мерзімі шектелмейді - бұйрық

577

Бұған дейін бензин мен дизель отынын жанар-жағармай құю бекеттерінде сату бағасы 180 күнге белгіленіп, қажет болған жағдайда ұзартылатын.  

Қазақстанда бензин мен дизель бағасын реттеу мерзімі шектелмейді - бұйрық Фото: gov.kz

Энергетика министрі 2023 жылғы 11 қаңтардағы бұйрықтарымен бағаны мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерінің тізбесіне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бағаны мемлекеттік реттеуге жататын мұнай өнімдерінің тізбесі өзгеріссіз қалды.

Бұған дейін белгіленген бензин мен дизель отынының бағасы да өзгерген жоқ.

Қазіргі баға:

  • АИ-80 бензині – литрі 89 теңге;

АИ-92 және АИ-93 бензині:

  • Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында – литрі 187 теңге;
  • Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында – литрі 182 теңге;

Тәулігіне 100 литр көлеміндегі дизель отынын қазақстандық жүргізуші куәлігін көрсетіп, 230-260 теңгеге сатып алуға болады.

Жүк көліктері, арнайы, мамандандырылған көліктер мен автобустар үшін бір тәуліктегі лимит өңірге байланысты 300 литр, ал бағасы 230-260 теңге болады. Осы баға бойынша дизель құю үшін Қазақстан Республикасында көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсету қажет.

Қалған санаттағы тұлғаларға, сондай-ақ белгіленген лимиттен көбірек алатын адамдарға дизель отыны литріне 450 теңгеден сатылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу