Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бір тұлғаның пайдалана алатын SIM-карталар санына шектеу қою мәселесін қарастыруда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Алаяқтықпен күресу мақсатында бір жеке тұлғаға тек 10 SIM-карта тіркеуге рұқсат етіледі. Алайда егер пайдаланушы SIM-карталарды қолдану қажеттілігін растайтын құжаттарды байланыс операторына ұсынса, бұл шектеуді ұлғайтуға мүмкіндік беріледі", – делінген ресми хабарламада.
Құқық қорғау органдарының ұсынысымен жұмыс тобы заң жобасы аясында SIM-карталарды тіркеу әдістерін кеңейту мүмкіндігін де қарастырып жатыр.
Сонымен қатар, заңнамалық түзетулер жобасында алаяқтық әрекеттерде қолданылатын GSM шлюздерін пайдалануға қарсы шаралар қарастырылған.