Қазақстанда бірыңғай операторларды құруға мораторий енгізілуі мүмкін

Мораторийдің мақсаты – мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын азайту және жеке секторды дамытуға жағдай жасау. 

Қазақстанда бірыңғай операторларды құруға мораторий енгізілуі мүмкін Фото: inbusiness.kz

Қазақстанда мемлекеттік органдардың бірыңғай операторлар құруына мораторий енгізу жоспарлануда. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БӘҚА) хабарламасында айтылған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін мемлекеттің тауарларды өндіруге және (немесе) өткізуге, сатып алуға немесе пайдалануға айрықша құқығын заңмен бекітуге, сондай-ақ нарық субъектісінің заңмен ерекше құқықты қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен және (немесе) келісімімен беру жағдайларын қоспағанда мораторий енгізілсін", – деп жазылған құжат жобасында. 

2023 жылдың 21 қыркүйегіне дейін жалғасатын қоғамдық "Ашық құқықтық нормалар" веб-сайтында өтеді.

Мораторийдің мақсаты мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын азайту және жеке секторды дамытуға жағдай жасау екені атап өтілген.

Әңгіме бірыңғай операторларды құруға мораторий енгізу туралы болып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу