Қазақстанда дәрі-дәрмек өндірісі 51 пайызға артты

2268

Қазақстанда дәрі-дәрмек өндірісі 51 пайызға артты

Қазақстанда дәрі-дәрмек өндірісі бір жыл ішінде 51%-ға өсті. Оған фармацевтикалық өнім бағаларының өсуі әсер етіп отыр, деп жазады дереккөзге сілтеме жасаған egemen.kz.

Сарапшылардың айтуынша, 2016 жылдың қаңтар-қазан айларында ҚР фармацевтикалық кәсіпорындары былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,4% -ға артық өнім өндірген. Бұл соңғы 5 жылда байқалған ең жоғары өсім.

Осы 10 ай ішінде қазақстандық кәсіпорындар 14 тоннаға жуық дәрі шығарған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 51 % -ға көп.

Фармацевтикалық өнім шығаратын ірі кәсіпорындар да өндірісін арттырып, былтырғы жылмен салыстырғанда салық көлемін арттырған. Осы нарықтағы үздік үш көшбасшы ҚР 1,9 млрд теңге салық төлеген. Бұл 2015 жылдың салық көлемінің 95% ын құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу