Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері қашан өзгереді

848

Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім әлі қабылданбады.

Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері қашан өзгереді Фото: basnews.kz

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ең төменгі жалақыны арттыру мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Әзірге бюджетте ең төменгі жалақы 85 мың теңге деп тұр. Біз оны көтерудің әртүрлі нұсқаларын қарастырып жатырмыз", – деді Серік Жұманғарин Құрылтайда өткен брифингте.

Оның айтуынша, бұл мәселе Президент әкімшілігі, Үкімет деңгейінде талқылануда. 

"Меніңше, жақын арада оның нәтижесі белгілі болады", – деп түсіндірді вице-премьер.

Айта кету керек, бұған дейін Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің ең төменгі жалақы бойынша пікір білдіргенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу