Қазақстанда ескі-құсқы көліктер қаптауы мүмкін – министр

376

Көршілес Ресейде утиль алым мөлшері артуының елімізге салдары қандай?

Қазақстанда ескі-құсқы көліктер қаптауы мүмкін – министр Фото: iapn.kz

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте  айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер Ресейде утиль алым мөлшерінің артуы салдарынан елімізде көліктер қымбаттауы мүмкін бе деп сұрады.

"Әзірге ешқандай да қымбаттау туралы сөз болып отырған жоқ. Әсер етпейді деп ойлаймын. Алайда утиль алымға қатысты көрші елдерде жағдай қалай өрбіп жатқанына назар аударғым келеді. Олар утиль алымнан бас тартып жатқан жоқ, қайта оның мөлшерін арттыруда. Қазақстан утиль алым мен бастапқы алым мөлшері бойынша көрші елдерден айтарлықтай артта қалып қойды", - деп жауап берді министр.

Қанат Шарлапаевтың сөзінше, баға айырмашылығына байланысты Қазақстанда ескі көліктер қаптауы мүмкін.

"Олар экологияға зиян келтіреді әрі жолдарда өте қауіпті жағдай туғызады. Мұндай тәуекел бар. Басқа мемлекеттер ескі-құсқы көліктердің келуінен қорғанып жатса, біз ешқандай қорғаныс керек емес деп отырмыз. Осының артуына байланысты ескі-құсқы көліктер Қазақстанға ағылып, азаматтарымызға жолдарда жүру әлдеқайда қауіпті болады деген қауіп бар", - деп нақтылады Өнеркәсіп және құрылыс министрі.

Айта кету керек, осыған дейін Ресейде утиль алым мөлшері күрт қымбаттауы мүмкін екенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу