Қазақстанда "ғұмыры ұзақ" кәсіпорындар аз

1225

Жыл басынан бері Қазақстанда 462 мың кәсіпорын тіркеліп, жылдық өсім 3,4%-ды құраған.

Қазақстанда "ғұмыры ұзақ" кәсіпорындар аз

Елімізде ұзақ жылдан үздіксіз жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорын аз, олардың жартысына жуығы құрылғанына бес жыл ғана болған, деп жазады finprom.kz.

Қазіргі таңда жұмыс істейтін кәсіпорынның саны – 330,3 мың, яғни жылдық өсім 7,2%-ға жеткен. Соның ішінде белсенді еңбектеніп келе жатқаны – 167,8 мың болса, кәсіпорындардың 36,3%-ы уақытша қызметін тоқтатқан. Ал жаңадан ашылған кәсіпорындардың үлесі – 12,8%, бұл былтырғымен салыстырғанда 3,2%-ға кем.

Қазақстанда 1-5 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан – 130 мың, 6-10 жылдық тарихы бар 65,8 мың компания бар. Сондай-ақ, 11 жылдан 15 жылға дейін үздіксіз еңбектеніп келе жатқан кәсіпорынның саны 45,9 мыңды құрайды. Ал ел нарығында 25 жылдан астам уақыт бойы жұмысын жалғастырып келе жатқан кәсіпорын небары – 4,2 мың.

Компанияларың көбі көтерме және бөлшек саудада және құрылыс пен білім саласында жұмыс істейді. Тарқата айтсақ, 20 жылдық тарихы бар кәсіпорындардың көбі – сауда және құрылыс саласында. Ал 25 жылдық тарихы бар кәсіпорындардың басым көпшілігі білім, жылжымайтын мүлік, мемлекеттік басқару және қорғаныс салаларында кәсібін жүргізеді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу