Бұл туралы inbusiness.kz сайты агенттікке сілтеме жасап хабарлайды.
Ресми хабарламада агенттіктің ипотека бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесін 2025 жылдың 1 қарашасына дейін 25% деңгейінде ұстап тұратыны көрсетілген.
Бұл шешім банктерге ипотека шарттарын және банк жүйелерін қайта қарау, сондай-ақ ішкі құжаттар мен жарнамаларды жаңарту үшін уақыт беру мақсатында қабылданған.
Бұған дейін Қазақстанда ипотекалық тұрғын үй несиелері бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшері 20%-ға дейін төмендетілгені туралы жазған едік.
Жаңа норма 16 маусымнан бастап күшіне енген болатын. Тиісті қаулының күші жойылды. Себебі, еліміздегі екінші деңгейлі банктер бұл шартты орындауға әзір емес болып шықты. Сондықтан бірнеше банк екінші нарықтағы баспаналарды қаржыландыруды уақытша кейінге шегеріп, ипотека беруді тоқтатты.
Сарапшылардың пікірінше, елімізде екінші нарықтағы үйлерге сұраныс төмендейді.