"Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова ислам ипотекасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Біз қазір үлкен жоба жасап, сарапшыларды шақырып, бұл жұмысты енді ғана бастадық. Мен бұл (ред. – ислам ипотекасы) туралы қараша айында Мәжілісті болғанда айттым. Қазір заңдарды қарап жатырмыз. Біздің заң бойынша тұрғын үй құрылыс жинақтаудың жаңа өнімін жасауға бола ма және заңдарға өзгеріс енгізу керек пе дегендей. 2025 жылдағы жоспарымыз – ислам ипотекасын жасау", – деді Ләззат Ибрагимова Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.
Тілшілер қаражат қайдан тартылуы мүмкін деп нақтылады.
"Ол өнімдерді қарап шығамыз. Қазір үлкен талдау жасап жатырмыз. Қазақстанның қаржы мамандарымен және шетелден келген сарапшылармен жұмыс жасап жатырмыз. Тағы ақпаратты қосымша береміз", – деді "Отбасы банк" басшысы.
Айта кету керек, осыған дейін 2025 жылы "Наурыз" бағдарламасында өзгерістер болатынын жазағанбыз.