Қазақстанда қанша тонна астық бастырылғаны белгілі болды

Мұндай статистикалық ақпаратты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми парақшасы жазды. 

Қазақстанда қанша тонна астық бастырылғаны белгілі болды Фото: Ақорда

Ведомство дерегінше, елдегі егін жинау науқаны агротехникалық талаптарға сай мерзімде өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлбетте, Қазақстанның кейбір өңірлерінде егін жинау науқаны әлі де жалғасуда. 

– Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінгі уақытта 15,1 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 94,1%-ы жиналды. Нәтижесінде 24,6 млн тонна астық бастырылды.

Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 2,1 млн тонна майлы дақыл, гектарына 228,7 центнер өнімділікпен 2,7 млн тонна картоп және гектарына 307,9 центнер өнімділікпен 3,6 млн тонна көкөніс жинады, – делінген ресми мәліметте. 

Енді өнімдерге кезек-кезек тоқталсақ: 323,5 ц/га өнімділікпен 431 мың тонна қырыққабат, 440,7 ц/га өнімділікпен 1026,8 мың тонна пияз, сондай-ақ 296,5 ц/га өнімділікпен 374,3 мың тонна сәбіз жиналған. 

Бірнеше күн бұрын Қазақстанда 22,7 млн тонна астық бастырылғанын жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу