Қазақстанда қазан айында бөлшек сауда көлемі 667 млрд теңгені құрады

1003

Қазақстанда қазан айында бөлшек сауда көлемі 667 млрд теңгені құрады

Үстіміздегі жылы елімізде бөлшек сауданың көлемі  667,1 млрд теңгені құрады. Бұл алдыңғы аймен салыстырғанда  1 пайызға жоғары және былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20,4%-ға көп, деп хабарлайды Ranking.kz.

Бөлшек саудада Батыс Қазақстан облысында едәуір өсім  байқалып отыр. Онда бір айдың ішінде 16,6%-ға, 18,9 млрд теңгеге дейін  көбейген.  Дәл осындай қарқын  Қызылорда облысында да бар: бір айда 15,2%-ға, 18,9 млрд теңгеге дейін жоғарлаған.  Ал бөлшек саудада  көп жұмсалған қаражат, әдеттегідей, Алматыда, байқалған. Оның еншісіне 187,4 млрд теңге тиесілі немесе 28,1%-ды құрайды. Ал  бұл көрсеткіш қыркүйек айында 27,4%  және былтырғы жылы 26,8% болған.  Орташа статистикалық қала тұрғынының орташа чегі 66 мың теңгеге құрап, алдыңғы айға қарағанда 1 мың теңгеге немесе  ай ішінде 1,6% артқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу