Қазақстанда қазып алынатын алтын қоры 522 тоннаға артты

225

Бұл туралы Геология комитетінің төрағасы Ерлан Акбаров айтты.

Қазақстанда қазып алынатын алтын қоры 522 тоннаға артты Фото: РБК

Елімізде пайдалы қазбалардың ресурстары мен қорлары бойынша өсім тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

— Қазақстанның минералдық-шикізат базасына қатты және кең таралған пайдалы қазбалар, көмірсутектер және жерасты сулары кен орындары кіреді. Барлығы 987-ден астам қатты пайдалы қазбалар кен орны мемлекеттік теңгерімге есепке алынған. Одан бөлек, 355 көмірсутек, 3 666 кең таралған пайдалы қазбалар және 4540 жерасты сулары кен орындары бар, — деді ведомство өкілі.

Сонымен қатар комитет басшысы қазбалардың ресурстары мен қорлары бойынша өсім барын атап өтті.

— Алтын 522 тонна, күміс 281 мың тонна, хром кендері 2383,1 мың тонна, уран 44 мың тонна, мыс 12893,6 мың тонна, фосфорит кендері 82 млн тонна, мұнай 277 млн тонна, газ 113 млрд м3, конденсат 1,9 млн тонна, жерасты сулары тәулігіне 155,8 мың м3 өсім көрсетті. 27 қатты пайдалы қазбалар, 10 көмірсутектер, 23 жерасты сулары кен орындары алғаш рет мемлекеттік есепке алынды, — дейді Ерлан Акбаров.

Спикердің айтуынша, геологиялық барлау нәтижелері бойынша 2023-2024 жылдары 60 кен орны есепке алынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу