Ақпаратта көрсетілгендей, 2001-2021 жылдар кезеңінде Қазақстанда кедейлік деңгейі, яғни табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 46,7%-дан 5,2%-ға дейін төмендеген.
Ақпаратта кедейлік деңгейінің азаюына 2002 жылы күшіне енген "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңның қабылдануы серпін бергені жазылған. Себебі бұл құжатта атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы айтылады. 2020 жылдан бастап АӘК көрсетудің қолданыстағы жүйесі түзетілген.
2022 жылдың 1 қазанындағы деректерге сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек 129 мың отбасына немесе 668 мың адамға тағайындалған. АӘК алушылардың 22%-ы шартсыз ақшалай көмек, 78%-ы шартты ақшалай көмек алды.
Шартты ақшалай көмек алатын еңбекке қабілетті атаулы көмекті алушылар қатарынан жұмыспен қамтылғандар мен жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылғандар саны 70%-ды құрайды.
Әлеуметтік топтаманы 343 мың бала алған. Атап айтқанда, азық-түлік пакеті 1 жастан 6 жасқа дейінгі 178,4 мың балаға берілсе, "Жаппай оқыту" қоры шеңберінде 7 жастан 18 жасқа дейінгі 164,6 мың бала көмек алған.
"Жалпы еліміз бойынша 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 43 млрд теңге төленді", – делінген ведомство таратқан ақпаратта.