Трассаларда жол апаттарының жиілеуіне байланысты Ішкі істер министрлігі "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу іс-шарасы аясында барлық автожолдарға талдау жүргізіп, аса қауіпті учаскелерді анықтады.
Жолдың сол бөліктерінде жаңа тәсілі – жолды тарылту әдісі енгізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ол ЭЫДҰ елдері мен АҚШ-та қолданылады. Мақсат – тексеру емес, қайғылы жағдайлардың алдын алу.
Тарылған жолда жүргізуші жылдамдықты автоматты түрде төмендетіп, мұқият болады. Бұл қауіпті аймақ арқылы өтуді қауіпсіз етеді. Полиция қызметкерлері көлік жүргізіп келе жатқан адамның шаршамағандығына және жолды жалғастыра алатынына көз жеткізу үшін қысқаша профилактикалық әңгіме жүргізеді.
Сонымен қатар тәртіпті қамтамасыз ету үшін ІІМ дрондар мен жасырын патрульдеуді белсенді қолданады.