2020 жылға қарай мәліметтер базасы 43 тлрн гигабайтқа жетеді. Бұл 2015 жылдағы мәліметтерден 10 есе көп. Олардың көбеюімен бірге жеке мәліметтердің қауіпсіздігі не болады деген сұрақ туындайды. KPMG Қазақстан және Орта Азиядағы серіктесі Сәкен Жұмашевтің айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстан мәліметтер базасы мен киберқауіпсіздік мәселесіне назар аударуы керек. Бұл туралы Astana finance days аясында өткен "Мәліметтерді қорғаудың жалпы ережелері" атты дөңгелек үстелде сарапшылар айтты, деп хабарлайды Елорда инфо тілшісі.
"Макасидің" мәліметіне сәйкес, әлем бойынша түрлі кибер шабуылдардан келген залалдың сомасы 600 млрд долларды құрады. Ол ғаламдық ІЖӨ 0,8 пайызын құрайды. Бұл түрлі компаниялар мен мемлекеттердің кибер қылмыс салдарынан тартқан зардабының көрсеткіші. Қарап отырсақ осы кибер шабуылды жасаған хакерлер Ресей, Корея және т.б елдерден шыққан. Олар негізінен банктер мен қаржы ұйымдарына шабуыл жасаған", - деді ол.
Оның айтуынша, қаржылық ұйымдар бүгінгі күні өздерінің мәліметтері қаншалықты қорғалғанына мән беруі керек.
"Бүгінгі күні АҚШ-та киберқауіпсіздік саласының мамандарын даярлаумен 150 жоғары оқу орны айналысады. Сондай-ақ Францияда блокчейн, нейро жүйе, киберқауіпсіздік мамандарын даярлау жөнінде арнайы бағыт бар. Сол сияқты Австралияда киберқауіпсіздік саласының мамандарын қуана қарсы алады. Қазақстанда киберқауіпсіздік саласы мамандарының тапшылығы бар. Менің ойымша, бұл жетіспеушілік жыл сайын көбейіп отырады. Сол себепті қазірден бастап кибершабуылдарға дайын болуымыз керек", - деді Сәкен Жұмашев.