"Киберқауіпсіздік инциденттері анықталған кезде байланыс қызметтерін көрсетуді тоқтата тұру қағидаларын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актінің жобасы Ашық НҚА порталында қоғамдық талқылауға ұсынылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ведомство мәліметінше, түзетулер Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолданыстағы актілеріне жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижесінде енгізілген.
– Құжатта байланыс желілеріндегі киберқауіпсіздік оқыс оқиғаларын анықтау, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталықтарының Киберқауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығымен өзара іс-қимылы, байланыс қызметтерін көрсетуді уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылдау және оларды қалпына келтіру тәртібі айқындалады, – делінген жоба мәтінінде.