Елімізде кинотеатрлар қайта ашылуы мүмкін, деп хабарлайды Аtameken Business.
Сөзінше, бұл сұрақ келесі аптада ведомства аралық комиссияның жалпы отырысында қаралады. Жұмысын қайта бастауға рұқсат берілген жағдайда да, залдар 100 пайыз толтырылмайды. Сондай-ақ, санитарлық нормалар қатаң түрде сақталуы тиіс.
Тақырыпқа тұздық болсын. Пандемия салдарынан Қазақстандағы кинотеатрлар 15 млрд теңгеге жуық табысынан айырылды. Қазір тіпті 10 пайызға жуығы жабылып қалған. Егер осы жағдай қарқында жалғасса онда кинотеарлардың 25 пайызға жуығы жабылуы мүмкін дейді мамандар. Айта кету керек, Карантинге байланысты кинотеатрлардың қызметіне тыйым 13 наурыздан бастап күшіне енді. Өзге ойын сауық орындары жұмыс істеп тұрған кезде кинотеатрлар қызметіне әлі рұқсат берілген жоқ. Мәселе тек қызметтің тоқтап қалуында және кірістің жетіспеуінде емес, кинотеатр иелеріне әлі күнге дейін несиелік міндеттемелер жүктеледі, яки оларға жеңілдік жасалып жатқан жоқ деп ашынады осы сегмент кәсіпкерлері. Сонымен қатар жалдау ақысы да үлкен салмақ салып отыр дейді олар.