Қазақстанда қосылған құн салығы қашан көтеріледі?

496

2025 жылдан бастап қосылған құн салығы 4 пайыздық тармаққа көтеріледі деп жоспарланып отыр.

Қазақстанда қосылған құн салығы қашан көтеріледі? Фото: inbusiness.kz

Жаңашылдық салық төлеушілердің 6 пайызынан азына ғана қатысты болмақ. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Тілшілер министрден қосылған құн салығының өсуі инфляцияға қалай әсер ететінін сұрады.

"Оның инфляцияға әсері бірқалыпты болады. Біріншіден, ҚҚС барлық экономиканы қамтымайды. Бұдан бөлек салық төлеушілердің 6 пайызынан кемі қосылған құн салығын төлейді. Бұл ҚҚС төлеушілердің 40 пайызы түрлі преференциялар алатындықтан, оны төлемейді. Елімізде инфляцияға айтарлықтай қысым болмайды деп күтіліп отыр. Бар болғаны 1 пайыз шамасында ғана", - деді ведомство басшысы. 

Әлібек Қуантыровтың айтуынша, ҚҚС көтерілуі тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, бағаны тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

"Инфляция 2025 жылдан бастап рұқсат етілген норма шегінде болады. Сол уақытқа дейін инфляция барлық факторларды ескере отырып, 5-6 пайызға дейін төмендеуі тиіс", - деді министр.

Айта кету керек, осыған дейін жылдық инфляция 10,8%-ға дейін баяулағанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу