Қазақстанда қымбат көліктердің саудасы 93%-ға төмендеп кетті

1037

Қазақстанда қымбат көліктердің саудасы 93%-ға төмендеп кетті

Үстіміздегі жылдың қаңтар-қыркүйек айларында қымбат автокөліктерді сату 2015 жылмен салыстырғанда 93 пайыз төмендеді. Бұл туралы Қазақстан автобизнес қауымдастығына сілтеме жасап, 7kun.kz  хабарлайды. 

Биыл Skoda, Chevrolet және KIA автокөліктерінің сатылымы мүлдем төмендеп кетті.  KIA маркалы көліктердің сатылымы – 90 пайызға, ал табысы 91 пайызға төмендеді. Сатылған Nissan көліктерінің орташа саудасы 39,13 мың доллардан 29,29 мың долларға дейін төмендеген. Skoda автокөлігінің  2015 жылғы орташа түбіртегі 31,2 мың доллар болса, 2016 жылы 28,8 мың долларға жеткен, сәйкесінше, табыс мөлшері 93 пайызға азайды.

Одан бөлек, 2016 жылы Lexus көліктерін сатып алудың орташа құны 102,96 мың доллардан  69,15  мың долларға кеміген. Бағаның кемуіне байланысты  табысы  да 9% төмендеді. Ал Mersedes-Benz  көліктерінің қымбаттылығына қарамастан, сатылымы — 5%, табысы 28% пайызға ғана азайған. Басқа маркаларға қарағанда Jaguar  автокөлігі сатылымын – 36%, табысын 59% арттырған. Оған  көліктің орташа бағасын 72,61 мың доллардан 57,89 мың долларға төмендетуі себеп болып отыр.

Сарапшылардың түсіндіруінше, осы маркалардың сатып алушылары ақшаларын теңгеге қарағанда АҚШ долларында көбірек  сақтап, девальвация кезінде осының пайдасын көрген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу