Қазақстанда қысқа қажетті жемшөптің 36,7 млн тоннасы дайындалды

329

​Қазақстан өңірлерінде мал азығын жинау жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Қазақстанда қысқа қажетті жемшөптің 36,7 млн тоннасы дайындалды Фото: АШМ

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, қазірдің өзінде қысқы қорада ұстау кезеңіне қажетті 36,7 млн тонна жемшөп әзірленген. Бұл жоспардың 89 пайызына тең.

Оның ішінде 25,9 млн тонна шөп жиналды. Бұл белгіленген жоспардың 101,2 пайызын құрайды. Бұдан бөлек, 2,3 млн тонна пішендеме, 2,9 млн тонна құрама жем, 1,8 млн тонна сүрлем және 3,7 млн тонна сабан дайындалды.

Қысқы кезеңде мал шаруашылығын жемшөппен тұрақты қамтамасыз ету үшін 201,3 мың тонна астық көлемінде жемдік қор да жасақталған. Бұл резерв қажет болған жағдайда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге берілмек.

Министрлік мәліметінше, 2026–2027 жылдардағы қысқы қорада ұстау маусымы басталғанға дейін 25,7 млн тонна шөп, 2,3 млн тонна пішендеме, 2,8 млн тонна сүрлем, 4,8 млн тонна сабан және 5,7 млн тонна құрама жем дайындау көзделген.

Жемшөп дайындау барысы барлық өңірде бақылауда. Ауыл шаруашылығы министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, қажетті қордың уақытылы қалыптастырылуын қадағалап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу