Қазақстанда медициналық сақтандыру қаншалықты қажет? – министр жауабы

435

Қазақстандықтардың медициналық сақтандыру қорының жұмысына қатысты сұрағы көп.

Қазақстанда медициналық сақтандыру қаншалықты қажет? – министр жауабы Фото: kzvesti.kz

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният халықты әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер "МӘМС-ке қарсы шыққан халықтың қарасы көп. Күн тәртібінде осы жобаны алып тастау мәселесі бар ма?" деген сауал қойды.

"МӘМС жобасынан халыққа келіп жатқан пайда көп. Үш миллиондай адам осы жүйеден тыс қалып отыр. Біздің мақсатымыз – жылдың аяғына дейін халықтың бәрін осы жүйеге тарту. Сонда ешқандай сұрақ болмайды. Тұрғындардың барлығы бір деңгейде медициналық көмек алатын болады. Осы заң жобасымен Парламентке де келетін боламыз. Халық қымбат медициналық көмек түрлері болсын, жаңа технологияларды да болсын бірдей алатын болады", - деп жауап берді Ажар Ғиният.

Ведомство басшысы былтырдан бастап медициналық қызметті жеткізушілерге қойылатын талаптын қатаңдатылғанын жеткізді.

"Биылдан бастап цифровизация енгізіледі. Біз бюджеттік қаржының қозғалысын көретін боламыз. Яғни пациенттің тиісті қызметті алғаны туралы көре аламыз. Сондай-ақ әр медициналық ұйымға индикаторлар қойылды, себебі халықтың ақшасы емдеуге бөлінеді. Олар медициналық көмекті сапалы әрі тиімді көрсетуі керек", - деп түйіндеді ДСМ басшысы. 

Айта кету керек, осыған дейін Қазақстанда қызылшамен сырқаттанушылық 11 пайызға төмендегенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу