Қостанайдағы "СарыарқаАвтоӨнеркәсіп" қолжетімді Nexia седанын құрастыруды қолға алмақшы, деп хабарлайды naryk.kz.
Құрамына "СарыарқаАвтоӨнеркәсіп" автокөлік құрастыру зауыты кіретін AllurGroup компаниясының басшылығы өзбектің Ravon компаниясымен аталған көлікті біздің елде құрастыру туралы келіссөздер жүргізірп жатқанын мәлімдеді.
Егер Nexia көлігі Қазақстанда құрастырылатын болса, оның бағасы шамамен 2,2-2,6 млн теңге арасында болмақ. Ал қазіргі таңда қазақстандықтар осы көліктерді оңтүстіктегі көршілерден 2 659 000 теңгеге сатып алуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу