Астанада МАЙНЕКС Орталық Азия 2017 тау-кен өнеркәсіп форумы өтіп жатыр. Шара аясында отандық және халықаралық сарапшылар Орталық Азия аймағының минералды шикізат әлеуетін игеру мәселесі мен болашағын талқылап жатыр.
Форум аясында сөз сөйлеген инвестиция және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманы реформалаудың нәтижесі мен жетістігіне тоқталды.
Оның айтуынша, "Тәжірибе режимінде Орталық Қазақстанда Степногор қаласы маңында 100 шақырымдық аумақ таңдап алынды және бүгінде 22 жаңа келісім бекітілді.
2017 жылы ақпан айынан Арқалық-Шұбаркөл аумағын және Шығыс Қазақстан облысын барлауға өтініш қабылдана бастады. 2 айдың ішінде 17 типтік келісімшарт жасалды. Қазақстанның жер көлемі мен жер қойнауының ауқымды әлеуетін ескерсек, ондаған ірі кен орнының ашылуы болжанып отыр. Оның ішінде бірегейлері болуы мүмкін.
Қазақстанда қолға алынған реформалар аясында геологиялық барлау бағытында 11 жаңа технологияны трансферттеледі.
"Бұл технологиялар GIS геодеректер базасының, геохимиялық деректер базасының әзірлемелері, сондай-ақ геологиялық бақылау мен бағалау жүйесі, деректі өңдеу сценарийлері кезінде үш өлшемді модельдеу және магниттік интерпретация, геомагниттік деректер және бағытталған поляризациялау дерегі, спутниктік деректі спектрлі имидждік өңдеу әдістемесі, руданың тікелей белгілерін анықтау үшін технологиялық зертханалық талдау, VTEM, ZTEM, AMT+MT геофизикалық технология. Бұл технологиялар 2,5 шақырымдағы және одан тереңдегі темір рудасын зерттеуге мүмкіндік береді", – дейді Тимур Тоқтабаев.
Сондай-ақ форум аясында мемлекеттік органдардың өкілдерінің және жер қойнауын пайдаланушылардың, отандық және халықаралық сарапшылардың қатысуымен "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" кодекс жобасының концептуалды мәселелерін талқылау" тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.