Қазақстанда отбасылық-гендерлік проблемамен айналысатын 500-ге жуық үкіметтік емес ұйым бар

368

Елімізде отбасылық және гендерлік проблемамен айналысатын 500-ге жуық үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді.  

Қазақстанда отбасылық-гендерлік проблемамен айналысатын 500-ге жуық үкіметтік емес ұйым бар

Бұл туралы Сенат депутаты, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының төраға орынбасары Ляззат Сүлеймен мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Бүгінде еліміз бойынша отбасылық-гендерлік проблемамен айналысатын 500-ге жуық үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. Олардың әрқайсысымен көптеген жобаларды бірге жүзеге асырудамыз. Отбасылық құндылықтарды нығайту, экономикалық, саяси белсенділікті ілгерілетуге байланысты жобалар өте көп. Олар өз нәтижесін кезең-кезеңімен беріп жатыр", - деді депутат.

Ляззат Сүлейменнің айтуынша, әйелдер мен қыздардың басқарушылық әлеуетін, саяси мәдениетін дамыту мақсатында "Томирис" жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Айта кету керек, осыған дейін елде отбасы институтын қолдауға бағытталған 34 орталық барын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу