Қазақстанда республикалық ветеринариялық зертхана қызметкерлерінің жалақысы 26%-ға өсті

316

Еңбекақыны арттыру мамандарды сақтап қалуға және жаңа кадрларды тартуға бағытталған.  

Қазақстанда республикалық ветеринариялық зертхана қызметкерлерінің жалақысы 26%-ға өсті Фото: thegirl.ru

Қазақстанда ветеринария саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспар аясында ветеринариялық қызметті жетілдіру, еңбек жағдайларын жақсарту және кадрлық әлеуетті күшейту бойынша шаралар қабылданып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Республикалық ветеринариялық зертханасы қызметкерлерінің жалақысы 26%-ға артты.

Еңбекақыны көтеру қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын күшейтуге, ветеринария саласының тартымдылығын арттыруға, білікті мамандарды ұстап қалуға және жаңа кадрларды тартуға мүмкіндік береді.

Республикалық ветеринариялық зертхана қызметкерлері ветеринария саласын дамытуға және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға көңіл бөлгені үшін Мемлекет басшысына, сондай-ақ еңбек жағдайларын жақсарту мен кадрлық әлеуетті дамытуға бағытталған шешімдерді қолдағаны үшін Ауыл шаруашылығы министрлігіне алғыстарын білдірді.

Ветеринария саласы мамандарының еңбек жағдайларын жақсарту және әлеуметтік қорғалуын арттыру жұмыстары жалғасады. Алдағы уақытта ветеринариялық қызметтің басқа да бөлімшелері қызметкерлерінің еңбекақы төлеу жағдайларын кезең-кезеңімен жақсарту мүмкіндіктері қарастырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу