Қазақстанда шығарылатын автокөліктерге ЭРА-ГЛОНАСС жүйесі енгізіледі

1024

Қазақстанда шығарылатын автокөліктерге ЭРА-ГЛОНАСС жүйесі енгізіледі

Елімізде 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа автокөліктерге ЭРА-ГЛОНАСС жедел жауап беру жүйесінің енгізілуі міндеттелді. Тың жоба арқылы құтқарушылардың апат орнына жету уақытын анағұрлым қысқартуға болады, деп хабарлайды 24Хабар.

Өскемендегі отандық автозауытта арнайы тетігі бар көліктер құрастырыла бастады. Тетік іске қосылған сәттен көліктің тұрған жері, бағыт-бағдары мен жылдамдығын анықтауға болады. Апат бола қалса да, жедел хабар алуға мүмкіндік бар. Бұл өз кезегінде адам өміріне араша болуға септігін тигізетінін айтады мамандар.

"2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Лада Веста" маркасына міндетті түрде осы тетік орнатылады. Ол JSM желісі арқылы жұмыс істейді. Жалпы, Кедендік одақ үшін жедел жауап қату жүйесі 2020 жылдан бастап міндеттелмек. Еліміз үшін тың жүйенің сәтті орнығатынына сенімдіміз", – "ҚазАвтоПром" одағының төрағасы Олег Алферов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу