Қазақстанда тағы бір бала қызылшадан қайтыс болды

351

Қызылшадан қайтыс болғандар саны екіге жетті. Екі жағдайда да бір жасқа дейінгі балалар көз жұмды.

Қазақстанда тағы бір бала қызылшадан қайтыс болды Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Сенатта Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Өлімге әкелген жағдайға келетін болсақ: Астанада және Шығыс Қазақстан облысында екі өлім оқиғасы тіркелді. Бұл бір жасқа дейінгі балалар, яғни олар екпе жасына толмаған. Бір бала мерзімінен бұрын туылған, оның өз патологиясы көп болды, содан кейін қызылшамен ауырды", - деді Есмағамбетова.

Естеріңізге сала кетейік, желтоқсан айының басында алты айлық бала қызылшадан қайтыс болды. Дәрігерлер үш күн бойы оның өмірі үшін күресті, алайда оған пневмония қосылып, ауру қоздырғышы асқынып кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу