Қазақстанда заңды тұлғаларды жалған мекен-жай бойынша тіркеуге тыйым салынады

139

Әділет министрлігі заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу жөніндегі түзетулерді әзірледі.  

Қазақстанда заңды тұлғаларды жалған мекен-жай бойынша тіркеуге тыйым салынады Фото: nalogikz.kz

Елімізде жалған мекен-жайлар бойынша заңды тұлғаларды тіркеу тәжірибесі алынып тасталады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл ережелерге қаржылық мониторинг субъектілерінің өз клиенттерін (олардың өкілдерін) тиісті түрде тексеруін қамтамасыз ететін және жылжымайтын мүлік иелерінің келісімінсіз жалған мекен-жайлар бойынша заңды тұлғаларды тіркеуге жол бермеуді көздейтін нормалар енгізіледі.

Жоба 15 қарашаға дейін көпшілік талқылауына шығарылып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу