Қазақстанда жануарларды өлтіргендерге жаза күшеюі мүмкін

146

Тиісті нормалар талқыланып жатыр. 

Қазақстанда жануарларды өлтіргендерге жаза күшеюі мүмкін Фото: freepik

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин жануарларды өлтіргендерге қатысты жаза қатаңдатылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қылмыстық кодекстің 316-бабында жануарларға қатыгездiкпен қарағаны үшін жауапкершілік көзделген. Мәселен, жануарлардың мертігуіне алып келген қатыгездікпен қарағандарға ең үлкен жаза отыз тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. Енді депутаттар бұл норманы күшейтіп жатыр. Еділ Жаңбыршиннің сөзінше, ұсыныс Үкіметке жолданған. Оған сәйкес, жануарларға зиян келтіргендер 6 айға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. 

Бұдан бөлек аң-құстарды өлтіргендерге де жаза қатаңдатылуы ықтимал.

"Қылмыстық кодекстің қолданыстағы 316-бабы бойынша жануарларды өлтіргендер 2 жылға дейін бас бостандығынан айрылады. Біз бұл жазаны күшейтіп, 5 жылға дейін ұзартып жатырмыз", – деді депутат Мәжіліс кулуарында.

Бұл тек ұсыныс екенін айта кету керек. Бұл нормалар бойынша әлі нақты шешім қабылданған жоқ. 

Айта кету керек, соңғы бір жылдың ішінде 41 мың адамды ит қапқанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу