Қазақстанда жол апаты 90 пайыз көбейді – Бас прокурор

530

Осыған байланысты прокурорларға бірқатар тапсырма берілді.

Қазақстанда жол апаты 90 пайыз көбейді – Бас прокурор Фото: Pixabay.com

Бас прокурор Берік Асылов елімізде жол апаты көбейгенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Өткен жылмен салыстырғанда жолдағы апат саны 90% өсті. Жол-көлік оқиғалары құрбандарының саны да артқан. БҚО, ШҚО, Атырау, Маңғыстау, Абай, Ұлытау облыстары мен Шымкент қаласында теріс үрдіс орын алып жатыр. Осыған байланысты, прокурорларға мемлекеттік органдармен бірлесіп, ең алдымен жолдардың неғұрлым апаттық-қауіпті учаскелеріне назар аудару арқылы ЖКО-ның себептерін анықтап, нақты шаралар әзірлеуді тапсырдым", - деп жазды "Х" әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу