Қазақстанда жол апатынан күніне 10-нан аса адам көз жұмады

Жол-көлік оқиғаларының 48%-ы республикалық маңызы бар жолдарда орын алады. 

Қазақстанда жол апатынан күніне 10-нан аса адам көз жұмады Фото: Turkystan.kz

Бұл туралы "Жауапкершілік – жолдағы қауіпсіздік кепілі!" тақырыбындағы брифингте ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова айтты. 

"Биылғы жылдың 5 айында Алматы, Жамбыл, Жетісу, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Түркістан және Маңғыстау облыстары жолдарында өлім-жітімнің ең көп өсімі тіркелді. Қазақстан жолдарында күніне 10-нан аса адам көз жұмады. Жол-көлік оқиғаларының 48%-ы республикалық маңызы бар жолдарда орын алады", – деді ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор. 

Бұл ретте ол кейбір қазақстандықтар жол жүру ережелеріне немқұрайлы қарайтынын айтты. 

"Жыл басынан бері Қазақстанда 6 мың жүргізуші куәлігінен айырылды, соның ішінде мас күйінде көлік жүргізгені үшін. Жол қозғалысы ережесін бұзған 128 мың жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деді спикер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу