Қазақстандағы АЭС-тен өндірілетін электр энергиясының тарифі қандай болады?

120

Тарифтің нақты мөлшері барлық есептеулер мен келісімдер аяқталған соң ғана белгілі болады.  

Қазақстандағы АЭС-тен өндірілетін электр энергиясының тарифі қандай болады? Фото: pxhere.com

Бұл туралы Атом энергетикасы жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламадан белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Болашақ атом электр станциясынан өндірілетін электр энергиясының тарифі жобаның жалпы құнына, станцияны пайдалану кезіндегі операциялық шығындарға, тартылатын қарыз қаражатының құнына және қаржыландырудың басқа да шарттарына байланысты. Бүгінгі таңда ведомствоаралық деңгейде бұл бағыттағы есептеулер жалғасып жатыр. Оның тарифі қазір жұмыс көмірмен жұмыс істейтін ЖЭО және электр станцияларына қарағанда жоғары болатыны түсінікті. Себебі бұл станциялар ондаған жыл бұрын салынған әрі олардың капитал шығындары толық өтелген", – делінген хабарламада.

Атом энергетикасы жөніндегі агенттіктің хабарлауынша, АЭС-тің жобалық қызмет ету мерзімі 60 жылдан асады.

"Тарифтің нақты мөлшері барлық есептеулер мен келісімдер аяқталған соң ғана белгілі болады", – делінген жауапта.

Айта кету керек, бұған дейін еліміздегі алғашқы АЭС-ты "Росатом" салатыны туралы шешім өзгермейтінін жазғанбыз. "Росатом" Қазақстандағы АЭС-тің құрылысына ғана жауапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу