Қазақстандағы автожолдарда қауіпсіздік үшін жолды тарылту әдісі қолданылмақ

288

Бұл жүргізушілерге жолдың қауіпті аймағынан қауіпсіз өтуге мүмкіндік береді. 

Қазақстандағы автожолдарда қауіпсіздік үшін жолды тарылту әдісі қолданылмақ Фото: pixabay

Ішкі істер министрлігі тас жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жолды тарылту әдісін қолданбақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министрлік мәліметінше, мұндай әдіс экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдер мен АҚШ-та қолданылады. 

"Трассаларда жол апаттарының жиілеуіне байланысты "Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында барлық автожолдарға талдау жүргізіліп, аса қауіпті учаскелер анықталды. Жолдың осы қауіпті бөліктерінде жаңа тәсіл – жолды тарылту әдісі енгізіледі", – делінген хабарламада. 

Аталмыш әдісте тарылған жолда жүргізуші жылдамдықты автоматты түрде төмендетіп, мұқият болады. Бұл жүргізушілерге жолдың қауіпті аймағынан қауіпсіз өтуге мүмкіндік береді. Полиция қызметкерлері көлік жүргізіп келе жатқан адамның шаршамағанына және жолды жалғастыра алатынына көз жеткізу үшін қысқаша профилактикалық әңгіме жүргізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу