Қазақстандық бизнесмендер Новосібірге сауда-экономикалық миссиямен барады

903

Қазақстандық бизнесмендер Новосібірге сауда-экономикалық миссиямен барады

2018 жылдың 22 мамыры күні Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму бойынша министрлік, Қазақстан Республикасының "Атамекен" КҰП, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы "Новосібір сауда-өндіріс палатасы" одағымен бірлесе отырып, Новосібір қаласында ресми сауда-экономикалық миссиясын ұйымдастырады.  

Іс-шара барысында ықтимал серіктестерді іздеуге бағытталған іскер байланыстардың биржасы, миссияға қатысушылардың тікелей байланысы болады. Сондай-ақ, бұл шара екі өңір арасындағы кәсіби қарым-қатынастың дамуына бағытталып отыр. Қазақстандық компаниялар тағам өндірісі, құрылыс материалдары, жеңіл өнеркәсіп, электротехникалық құрал-жабдық пен химиялық өнімдер саласында өз мүмкіндіктерін ұсынады. 

Сауда-экономикалық миссия бағдарламасында Қазақстан Республикасы мен Новосібір облысының ресми өкілдерінің қатысуы жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу