Қазақстандық боксшы WBC ұйымының ТОП-15 рейтингіне кірді

888

Әли Ахмедов соңғы жекпе-жегін 6 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткізген.

Қазақстандық боксшы WBC ұйымының ТОП-15 рейтингіне кірді Фото: sports.kz

Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (16-0, 12 КО) WBC рейтингінде үздік 15 тізіміне енді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Әли Ахмедов соңғы жекпе-жегін 6 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткізген. Қарсыласы америкалық Эндрю Эрнандес болған.

Кездесу 12 раундқа есептелген, бірақ қазақстандық боксшы бірінші раундтың 44-секундында қарсыласын нокаутқа түсірген. Осылайша, Ахмедов титулын қорғап қалған болатын.

Осы жеңістен соң ол WBC рейтингіне еніп, екінші орта салмақ тізімінде 15-орынға орналасты.

Айта кетейік, Ахмедов жұдырықтасқан бокс кешінің басты жекпе-жегінде Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен украиналық Сергей Деревянченко орта салмақта IBF және IBO титулдарын сарапқа салған. Боксшылар 12 раунд бойы қолғап түйістіріп, Головкин төрешілер шешімімен жеңген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу