Қазақстандық электролиз зауыты қазақстандық компаниялармен 11 келісімшарт жасады

567

Олардың барлығы алюминий тұтынушылары болып есептеледі.  

Қазақстандық электролиз зауыты қазақстандық компаниялармен 11 келісімшарт жасады

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі биылғы жылы Қазақстан электролиз зауыты өндіріске алюминий пайдаланатын компаниялармен 11 келісімшарт жасады. 

"Дұрыс таңдалған ұзақ мерзімді стратегия, сондай-ақ өндірістік тәжірибе әлемді жайлаған пандемияға байланысты жаһандық дағдарысты материалдық және кадрлық шығындарсыз еңсеруге мүмкіндік берді. Отандық зауыт өз өнімінің 90%-ын экспортқа шығарады. Экспорт географиясы 20-дан астам елді құрайды, олардың қатарында Ресей, Беларусь, Украина, Өзбекстан, Грузия, Италия, Түркия және басқа да жақын және алыс шетелдер бар", - деп жазылған хабарламада.

Қазақстан электролиз зауыты еліміздегі алғашқы алюминий өндіретін жалғыз зауыт болып табылады. Бұл алюминий тотығын қалпына келтіру арқылы алынған және құймаларға құйылған жоғары сапалы металл.

"Зауыт 20 келі болатын алюминий құймаларын шығарады. Соңғы 2 жыл ішінде металл 2 түрде, құйма және сұйық түрінде жеткізіледі. Көлемнің шамамен 60%-ы кабельдік - өткізгіш өнімдер өндірісіне, 20% -ы металл конструкциялары өндірісіне қолданылады",- деп хабарлады министрлік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу