Қарағанды облысында жол апатынан 29 жастағы футболшы, көкшетаулық “Елім-Ай” клубының ойыншысы Илья Буртовой көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиғадан кейін Илья Буртовой ауыр халде профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер бар күшін салғанымен, оны аман алып қалу мүмкін болмады.
Илья Буртовой футболдағы кәсіби жолын 2015 жылы “Шахтер-Булат” командасында бастаған. Кейін футзалға ауысып, Қарағандының “Прогресс” клубы сапында Қазақстан кубогында өнер көрсетті. Оған қоса “Скаут” балалар футбол клубының жаттықтырушысы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу